Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

          "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 12 қарашада сағат 10:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы шақырылады.

          Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi:

  1. «Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 154/36-8 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Хабарламашы: Ибраева Әлмира Бахытқызы, Қосшы қаласы әкімінің орынбасары.

  1. Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №65/13-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Жанель Ерланқызы "Қосшы қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының м. а.

  1. Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №51/11-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Жанель Ерланқызы "Қосшы қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының м. а.

  1. Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №50/11-7 «Қосшы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Жанель Ерланқызы "Қосшы қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының м. а.

  1. Қосшы қаласында Мөлшерлеме мөлшерін томендету туралы.

Хабарламашы: Қожахметов Еркін Арыстанұлы, Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

  1. Басқа мәселелер.

         

 

Қосшы қаласы

мәслихатының төрағасы                                                             Ә. Қуатбеков