Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында азаматтарды жеке өтініші бойынша кезекті мәрте қабылдау өтті. Қабылдауға әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге мәслихат депутаты Ирина Осипова қатысып, көпшіліктің шағым, тілектерін тыңдады.

Қабылдау барысында жолдарды жарықтандыру, газдандыру, баспана алу, көшелерді асфальттау, үй құжаты және т.б. инфрақұрылым мәселесіне қатысты сауалдар қойылып, оған заң аясында жауап берілді. Азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша түйткілді сауалдардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына, мамандарға тапсырылды.

* Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.