
Мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлық картасында заңды тұлғалар туралы ақпарат жиналады: олар қайда орналасқан, қанша чек беріледі, кассалық тәртібі қандай. ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов атап өткендей, алдағы уақытта ауданда, қалада, облыста кірістер мен шығыстардың тиімділігін көру үшін чектер мен шот-фактураларды ғана емес, шығыс бөлігін де біріктіру жоспарланып отыр. Деректердің дұрыстығын арттыру үшін Қаржы министрлігі «Тауарлардың ұлттық каталогы» мемлекеттік деректер базасын әзірлеуді қолға алды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ТҰК МДБ-да шамамен 15 млн тауар бар.
«Келесі жылы толығымен пайдалануға беріледі. Бизнеспен бірлесіп оны салаларға бөліп, кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.