
2025 жылы қарашадан бастап «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында сатып алудың электрондық платформасы жұмыс істей бастайды. Енді табиғи монополиялар субъектілері өз объектілерін жаңғыртуға өтінімдерді онлайн режимінде бере алады. Ал оларды қарау мен бекітудің барлық процесі сандық форматта жедел түрде жүргізіледі.