"АУЫЛ" партиясының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Анар Сайлаубекқызы қаламызда болып бірқатар азаматтарды партияның 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Қалалық мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылын дамытуда "АУЫЛ" партиясы депутаттарының рөлі зор екенін жеткізді. Өз кезегінде филиал төрағасы партияның бағдарламаларын жүзеге асыру - елін, жерін шексіз сүйетін еңбекқор жандардың арқасында жүзеге асып келе жатқанын атап өтіп, партия мүшелерін "АУЫЛ" партиясының 25 жылдығымен құттықтады.