Бүгін «AMANAT» партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі қала ішіндегі мекемелерге шығу жұмысын жалғастырды. Іс-шара аясында қалалық мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков пен партия филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында атқарушы хатшы партияның Сайлауалды бағдарламасы, Жол картасының орындалуы, партиялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Мәслихат төрағасы қала құрылған сәттен бастап атқарылған жұмыстарды атап өтіп, қала инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қаланың бас жоспары бойынша қолға алынған шаралар туралы мәлімет берді.
Қоғамдық қабылдау "Алтын Дән" балабақшасында жалғасын тапты. Қабылдау барысында тұрғындар жылу беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, газдандыру, кәсіпкерлер мен көп балалы аналардың мәселелері сынды түрлі әлеуметтік сұрақтар қойды.

Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалып, заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.