Бүгін қала әкімдігінде кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаев әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жол құрылысы, жарық, көше шамдары, абаттандыру, ауыз су, газдандыру жұмыстары, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және т.б. қаламыздың инфрақұрылым саласына қатысты сауалдар қойылды. Азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша мәлімет беріліп, түйткілді сауалдардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына тапсырылды.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.