Маңғыстаулық депутаттар іс-сапарын Қосшы қаласына жақын аумақта орналасқан, ел қорғаны болған әйгілі Қабанбай батырдың кесенесіне барып құран бағыштаудан бастады. Содан кейін Қоғамдық мәдени-спорттық нысанды аралап қаламыздың рухани өміріне қызмет жасап отырған мекемені көрді. Орталықтың директоры, мәслихат депутаты Ақылбек Данабекұлы жұмыс барысымен таныстырып, атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы мәлімет берді.
Сонымен қатар депутаттық корпус өкілдері қаламыздағы Гимназияда болып білім беру ісіндегі жаңалықтармен танысты. Қалалық білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметов пен мекеме өкілдері оқушылардың жетістіктері, жас қаладағы білім беру саласындағы жасампаз істер туралы ақпараттармен бөлісті.