Қосшы қаласында қоғамдық көлік қызметі жаңа деңгейге көтерілді

Қосшы қаласында қоғамдық көлік қызметі жаңа деңгейге көтерілді
Қосшы қаласында қоғамдық көлік қызметі жаңа деңгейге көтерілді.
Қала әкімі Азамат Қапышев, мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков және мәслихат депутаттары жолаушы тасымалдаушы «Қазына Трест» ЖШС ұсынған заманауи автобустардың таныстырылымына қатысты.
🔹️Бұл – Қосшы тұрғындары үшін маңызды жаңалық, себебі азаматтарымыздың қоғамдық көлік мәселесіне қатысты көптеген шағым, өтініштері бойынша жасалған жұмыстың нәтижесі. Депутаттық корпус өкілдері субсидия бөлу арқылы жаңа GAZELLE NEXT 2025 маркалы автобустардың қолданысқа берілуіне қол жеткізді.
Заманауи технологиялармен жабдықталған автобустар қала тұрғындарының игілігі үшін жұмыс жасайтын болады. Жас қаламыздағы қоғамдық көлік мәселесі толықтай шешімін тапқанша бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.