Бүгін қалалық әкімдікте кезекті мәрте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе ұйымдастырылған қабылдауға мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаев қатысты.
Қабылдау барысында қойылған сауалдардың басым көпшілігі жас қаламыздың инфрақұрылымы, жол жөндеу, газдандыру жұмыстары, көше шамдары және т.б. салаларға бағытталған. Одан бөлек баспана кезегі, әлеуметтік көмек мәселесіне арналған сауалдар да болды.
Азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша заңға сәйкес мәлімет беріліп, түйткілді сауалдардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына тапсырылды.
••• Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.