Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы қала әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын қосу, абаттандыру, газдандыру, жеке кәсіпкерлік, тұрғын үй кезегі және т.б. мәселе бойынша өтініштер қаралды.

✔️ Әр мәселеге қатысты заңды мәліметтер беріліп, жұмысты атқару тиісті бөлім басшыларына тапсырылды.

Еске саламыз: азаматтарды жеке қабылдау әр сәрсенбі күні, сағат 09:00–12:00 аралығында өтеді