«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары «Мектепке жол» акциясын қолдауда.
«AMANAT» партиясының мүшелері, мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, депутаттар Болат Абдрахманов, Сәбит Дүкенбаев, Дидар Кәкімжанов, Баянды Сахарияұлы, «Ақ жол» партиясының мүшесі Мақсат Тәшенов қаламыздағы және Тайтөбе ауылындағы мектеп оқушылары үшін оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Еліміз бойынша өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында депутаттық корпус жүзден астам оқушыға қол ұшын созды. Осыған дейін де мәслихат депутаты Динара Райханова акция аясында қайырымдылық шарасына қатысқан болатын.
#мектепке_жол