Мемлекет МӘМС жүйесін қаржыландыруға қатысуды ұлғайтады - Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекет МӘМС жүйесін қаржыландыруға қатысуды ұлғайтады - Денсаулық сақтау министрлігі
2027 жылдан бастап МӘМС-ке мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ МӘМС талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманова мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылы МӘМС туралы Заңның бірінші редакциясында белгіленген бастапқы қаржы моделіне ішінара оралу басталады: сол кезде мемлекеттің жарна мөлшерлемелері 7% деңгейінде бекітілді, қазір ол 2% -ды құрайды.
«Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарналарды ұлғайтпауға және ұзақ мерзімді перспективада медициналық көмек жүйесін қолдауға мүмкіндік береді. Кезең-кезеңмен арттыру нәтижесінде мемлекет жарналарының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 2% - дан 2037 жылы 4,7% - ға дейін өседі, бұл денсаулық сақтау жүйесіне 2,8 трлн қосымша қаражат алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.
Ал, 2026 жылдан бастап ай сайынғы табыстың жоғарғы шегі ұлғаяды, одан жарналар мен аударымдар есептеледі: жұмыс берушілер үшін 10- нан 40 ЕТЖ-ға дейін; қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ-ға дейін.
«Былай алып қарайтын болсақ, бұл МӘМС жүйесіне жоғары ақы алатын қызметкерлердің жарналары мен аударымдарын төлеу бойынша жеңілдіктердің күшін жою болып табылады», - деді спикер.
Норма жылына қосымша 200 млрд теңге жинақтауға мүмкіндік береді.