“AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

“AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті
Бүгін “AMANAT” партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің қала ішіндегі мекемелерге шығу жұмысының аясында мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, "АМАNАТ" партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Р.Сейдахметов, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Мейірманова қаламыздағы «Алтын Дән» балабақшасында болып қабылдау өткізді.
 
🔹Кездесу барысында атқарушы хатшы партия филиалының Сайлауалды бағдарламасы аясында Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы, партиялық жобалардың іске асырылуы, партия құрамының сапасының артуы және қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқарылған жұмыстарына тоқталды.
 
• Мәслихат төрағасы қала құрылғалы бері біршама істер атқарылғаны, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың әлеуетін арттыруға бағытталған депутаттардың атқарған жұмыстары жайлы мәлімет берді. Әлихан Жұмаханұлы бүгінгі күні қаланың бас жоспары бойынша ауқымды іс атқарылып жатқанын атап өтті.
• Соңында балабақша ұжымының өкілдері түрлі мәселе бойынша өтініштерін айтып, сауалдарын қойды. Көпшілігі қаламыздың инфрақұрылымына қатысты, жылу, шағын ауданда ыстық су, электр энергиясының тарифі, бюджет саласының қызметкерлеріне тұрғын-үй, газдандыру мәселелері және көп балалы аналар үшін тұрғын үй кезегі туралы сауалдар болды.
• Мекеме басшысы Фарида Дарменова балабақша ауласындағы ойын алаңдарын сумен қамтамасыз ету, суғару, көгалдандыру мақсатындағы құдықтарды орналастыру, би залындағы мектеп жасына дейінгі балаларға биге арналған құрылғыларды орнатуға жәрдем беру туралы өтініштерін жеткізді.
 
🔹Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалып, заңнамаға сәйкес түсіктемелер берілді.
@qosshy_amanat
#AMANAT
#Мобильдіқоғамдыққабылдау