Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары
және қала қонақтары!

Осыдан 4 жыл бұрын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде Қосшыға қала мәртебесі берілген еді. Баршаңызды елордамызбен еншілес қонған Қосшы қаласының 4 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарих үшін қас қағым сәт болғанымен біз үшін, барша қосшылықтар үшін 4 жыл – ерік-жігерге толы еңбектің, жасампаздықтың төрт жылы болды. Осы уақыт ішінде мәслихат депутаттары атқарушы орган өкілдерімен, қоғам үнін жеткізуші қоғамдық кеңес мүшелерімен, қоғам белсенділерімен бірге азаматтарымыздың жайлы өмірін қамтамасыз ету жолында талмай тер төгіп келеді.


Ауылдан – қала жасау мол қажыр-қайратты қажет етсе біз тұрғындарымызбен бірлесе отырып жас қаламыздың дамуы жолында жұмыла іс қылудамыз. Еліміз бойынша алдыңғы қарқындағы демографиялық өсім – инфрақұрылымды жаңарту жолында көп күшті, мол қаржыны қажет етуде. Қазір қаламыздың бас жоспары бойынша осы бағытта тынымсыз жұмыс жасалып жатыр.
Білім саласында жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, денсаулық сақтау саласында заманауи медициналық мекемелер халық игілігіне берілуде. Мәдениет пен спорт ілгері басып, құрылыс саласы қарқынды дамуда. Кәсіпкерлік пен экономика қанат жайып, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп болуда. Абаттандыру жұмыстарына баса назар аударып келеміз.

Осы қысқа мерзім ішінде Қосшы қаласы еліміздегі өркендеуші өңірлердің біріне айналып, әр салада елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қосшының өсіп-өркендеуі – сіз бен біздің ортақ еңбегіміздің және ең бастысы ынтымақ пен бірлігіміздің жемісі.


Ырысы артып, ынтымағы жарасқан жас қаламыздың алар асуы мен бағындырар белесі мол болсын. Баршамызға ортақ баянды мереке құтты болсын!


Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков