Бүгін қала әкімдігінде азаматтарды қабылдау өтті. Мәслихат депутаты Дидар Кәкімжанов әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жол құрылысы, абаттандыру, ағаш кесу, тұрғын үй кезегі, қоқыс қалдықтарын шығару, баспана алу және т.б. мәселелерге қатысты сауалдар қойылды. Азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша мәлімет беріліп, түйткілді сауалдардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына тапсырылды.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
@qosshy_akimdigi_resmi
@qosshy_qogamdyq_kenes
#Азаматтарды_қабылдау
#Қосшы_қаласының_тұрғындары