ҚР ІІМ киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр

ҚР ІІМ киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр
Заманауи телекоммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасуда. Қазақстанда мұндай қылмыстардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды. Жыл басынан бері 11 мыңнан аса осындай қылмыс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. Оның айтуынша, киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылданып жатыр.
«Былтыр қараша айында ведомство құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы департамент құрылды. Байланыс операторларымен бірлесіп, тіркелмеген SIM-карталарды интернет арқылы қоңырау шалуға және мессенджерлерде анонимді аккаунттар ашуға пайдаланылатын SIM-бокстар анықталуда», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Әр тоқсан сайын республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп «антифрод-орталығы» аясында өзара іс-қимыл жолға қойылған.