Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков Сарыарқа көшесі тұрғындарының шағымына байланысты барып, кездесу өткізді

Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков Сарыарқа көшесі тұрғындарының шағымына байланысты барып, кездесу өткізді

Тұрғындар көршілерінің қала ішінде заңсыз мал ұстауына, санитарлық талаптарды сақтамайтынына шағым білдірді. Сондай-ақ кездесуге келген азаматтар көше жарығының жанбауы, электр бағаналарының болмауы, көше атауының болмауы, жол жиегіндегі шөптердің шабылмауы, дезинсекция жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі, зауыттан шығатын жағымсыз иіс және т.б. мәселелерді көтерді.

Азаматтардың шағымдарымен танысқан мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы жауапты органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын, кездесуде айтылған мәселенің оң шешімін тапқанша назарда болатынын жеткізді.