Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау
Бүгін қала әкімдігінде кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Мәслихат депутаты Дүкенбаев Сәбит Мұратұлы әкімдік өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
 
Қабылдау барысында тұрғын үйлер аумағын абаттандыру, электр жарығы, жол құрылысы, ағаш кесу, тұрғын үй кезегі, қоқыс қалдықтарын шығару және т.б. сауалдар қойылды. Азаматтардың көтерген мәселелері бойынша мәлімет беріліп, түйткілді сұрақтардың шешімін табу жауапты бөлім басшыларына тапсырылды.
 
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.