Бүгін мәслихат депутаты Ибраев Шохан Саматұлы Қосшы қаласының әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар коммуналдық мәселелер, абаттандыру, электр жарығы, жол құрылысы сияқты қала тіршілігі үшін өзекті сауалдарын қойып, жауап алды.
Әкімдік өкілдері жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ атқарылуы тиісті жұмыстар жайлы қала басшылығы жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.