Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау
Бүгін әкімдікте өткен азаматтарды қабылдауға Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Тәшенов Мақсат Еркінұлы қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан жол құрылысы, көше шамдары, абаттандыру, электр жарығы, үй кезегі және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Барлық шағымдар мен сұрақтарға жауап беріліп, сала бойынша бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 9:00-12:00 аралығында әкімшіліктің ғимаратында өтеді.