Бүгін мәслихат депутаты Ирина Осипова Қосшы қаласының әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, баспана алу мүмкіндігі, көше шамдарын орнату, жер және т.б. мәселелерге қатысты өз сауалдарын айтып, ұсыныстарын білдірді.
Әрбір мәселе жеке қаралып түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.