Комиссия төрағасы Е.Ділдәбек ашқан отырыста 2 мәселе қаралды. Олар:
1. Қосшы қаласында көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Шәди баяндама жасады. Бөлім басшысының айтуынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінде қазіргі таңда мемлекетттік қызметтің 24 түрі көрсетіледі. Соның ішінде «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша жыл басынан бері 285 адамға барлығы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.
2. Сонымен қатар қаламыздағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу және өрт салдарын жою мақсатында өткізілетін іс-шаралар туралы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ш.Әзірбаев мәлімет берді. Шахмардан Мұратұлы соңғы жылдары орын алып жатқан өрт оқиғалары туралы деректерімен бөлісті. Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінен бері өрт депосын салу жұмыстарының тоқтап тұрғанын, қосымша қаражат қажет екенін жеткізді.
Депутаттық корпус өкілдері баяндамашыларға сауалдарын қойып, жауап алды. Отырыстың соңында мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулысы қабылданды.