Қосшы қаласы мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті

Қосшы қаласы мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті
Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков ашқан сессияға Қосшы қаласының әкімі А.Қапышев, Ақмола облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Әбдірахманова, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Төребаев, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
 
Сессияда «Қосшы қаласы бюджетінің 2024 жылға атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» мәселе қаралды. Қала әкімі Азамат Есімұлы бюджеттің атқарылуы туралы есебінде Қосшы қаласының дамуы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала бюджетінің игерілуі туралы баяндап, сауалдарға жауап берді.
 
Одан кейін сөз алған тексеру комиссиясының мүшесі Әсел Берікқызы, мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағасы Ерғали Дүйсенұлы қала бюджетінің игерілгені туралы мәлімдеді.
Сессия соңында мәслихаттың шешімі қабылданды.