Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев пен Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Есіркепұлы Тәжинмен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры – Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлының қабылдауында болды.
Қабылдауда «Ауыл – Ел бесігі» бойынша 2025-2028 жылдары іске асырылатын: «Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылында «Дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу», «Ақмола облысының Арықты ауылында инженерлік желілері бар мәдени – спорттық кешеннің құрылысы. Байланыстыру» және «Сабынды ауылында көше жарықтандыру желілерін салуға ЖСҚ әзірлеу (түзету)» жобаларына қаражат бөлу мәселесі сонымен қатар «Астана – Қорғалжын –Баршын 127-142 км» автокөлік жөлын жөндеуге қатысты мәселелерді көтерді.