Құттықтау

Құттықтау

Қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесін көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, жеткен әз-Наурыз баршаңызға береке - бірлік, молшылық пен жетістік, мол табыс ала келсін! Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық болып, көркейіп, гүлдене  берсін!

Ақ мол болсын,  ұлыс оң болсын!

 

Қорғалжын аудандық

мәслихат төрағасы

Б. Рыспаев