
Суретте Қорғалжын аудандық мәслихат аппаратының бұрынғы басшысы, мемлекеттік қызмет ардагері, «Қорғалжын ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері Мажитова Батжан Мәжитқызы.
2005 жылы осы лауазымға тағайындалған кезде Батжан Мәжитқызы мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтардың басы қасында болып, жаңғыруына тікелей себепші болды.
2005 жылға дейін аудан әкімі аппаратының жетекшісі, оның алдында аудан әкімінің орынбасары және аудандық атқару комитетінің әлеуметтік-мәдени бөлім басшысы лауазымдарын атқарып, мемлекеттік қызметтің әр сатысынан өткен білікті маман болатын. Осы еңбек жолында қаншама жас мамандарға тәлімгер болып, бірнеше буын мемлекеттік қызметшілерді тәрбиеледі.
Батжан Мәжитқызы құрметті демалыста болса да еңбектен қол үзбей ауданның дамуына өз үлесін қосып келеді. 2016 жылы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған кезінде де ел құрметтейтін халық қалаулыларының бірегейі болып, сайлаушыларының көңілінен шыға білді.
Бүгінгі күнде еңбек жолын жалғастыра жүріп қоғамдық жұмыстардан да қалыс қалмай, Қорғалжын ауданының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болып жүр. Жастарға әрқашан ақылшы, халыққа қамқоршы қалпымен ел ықыласына бөленіп жүрген ардагер әріптесімізге айтар алғысымыз шексіз.
Батжан Мәжитқызымен аудандық мәслихат аппаратында бірлесе жұмыс жасаған, бүгінгі күнде құрметті еңбек демалысына шыққан бұрынғы бас маман-есепшісі Ахметова Зейнеп Уақасқызы және аудандық мәслихат аппаратының бұрынғы бас маманы Айтжанова Күләш Ермекқызы ардагерлеріміздің де мемлекеттік қызметтегі көп жылғы еңбектері біз сияқты әріптестеріне үлкен үлгі. Біз әлі де аға буын әріптестерімізден қызметімізге байланысты ақыл-кеңестерін сұрап, әр уақытта құрметтеп жүреміз.