
Қорғалжын аудандық мәслихатының әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында «Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің жұмысы туралы» тақырып қаралды. Ақпарат беруші Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Бейлгожин Жәнібек Серікқалиұлы. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев шақырылды. Комиссия мүшелері тақырыпқа сәйкес өңірлердегі оқушылардың жазғы демалысы мен қауіпсіздігі, жұмыспен қамтылуы туралы сұрақтарға жауап алды.