Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессияда төмендегі мәселелер қаралды:
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7/41 «2026-2028 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 20.05.2025 жылғы № 4/32 «Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 20.05.2025 жылғы № 3/32 «Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанынан құқықтық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сессия жұмысында Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Н. Дуанбеков ақпарат берді.