Жаналықтар

Жаналықтар

Қорғаалжын ауылы мектеп гимназиясы ғимаратында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жусупов мектеп ұжымы және Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында  жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев, Облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Есіркепұлы Тәжин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсенбек Төлеповтар  қатысты.