ҚҰРМЕТТІ ҚОРҒАЛЖЫНДЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ  ҚОРҒАЛЖЫНДЫҚТАР!

БАРШАҢЫЗДЫ ЖАҢА 2026 ЖЫЛМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Еліміз үшін парасат пен пайымға толы тағы бір жыл ХХІ ғасыр қойнауына енгелі тұр. Бірлік пен бейбітшілік, ырыс пен бақ-береке сыйлаған ескі жылымен қоштасып, санаулы күндерден кейін жаңа Жылқы жылымен қауышамыз. Жаңа жыл – жаңа бастамалар, жаңа мақсаттар бастауы болатын, ертеңгі күнге үлкен үмітпен, сеніммен қадам басатын уақыт.

Биылғы жыл  біздің ел үшін біршама жетістіктер мен табыстарға толы сәтті жыл болды деп есептеймін. Өңіріміздің әрбір жеткен жетістіктері мен тындырымды істерінде әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін.

Алдағы жылдан үлкен үміт күте отырып,  сенімді бастамалардың іске асатын жылы болады деп сенемін.

Қадірлі жерлестер !

Жаңа жыл – жақсылықтың жаршысы. Әрбіріміздің болашаққа бағдар құратын және үлкен міндеттерді орындауға иек артатын кезең.

Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жаңа жыл толағай табысы мен ырзық-несібесін сыйлап, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін. Бірлігіміз бекем, ісіміз мығым болсын!  Отанымыз Қазақстан өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Ізгі ниетпен,

 

Қорғалжын аудандық  мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев