Құрметті қорғалжындықтар!

Құрметті қорғалжындықтар!

Құрметті қорғалжындықтар!

 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз.  Бәріміз де оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. Осындай маңызы бар тарихи мерекеде еліміздің туы биікте асқақтап, келешегі көркейе берсін.

 Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне берейік.

 Сіздерге осы айтулы күнде мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс,  зор жетістіктер тілеймін.

Еліміздің барлық бастамаларына  сәттілік, ертеңге сенімділік, ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіміз сәтті де берекелі болсын.

 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз бай-даулетті, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымыз гүлдене берсін!

 

Құрметпен,

Қорғалжын аудандық мәслихатының

төрағасы Берік Рыспаев