
Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Есіркепұлы Тәжин және аудан әкімі Алмас Аянұлы Алин 2025 жылдың 19 тамызында Министрліктер үйінің «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимаратында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлының жеке қабылдауында болып, Қорғалжын ауылында салынып жатқан “Дене шынықтыру-сауықтыру кешенің салу” жобасына жетпейтін қаражатты қарастыру мәселесінкөтерген болатын. Осы көтерілген мәселенің оң нәтижесін көріп отырмыз.
Құрметті Берік Оралбайұлы!
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Сіздің қатысуыңызбен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбековтің жеке қабылдауы өткенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, жеке қабылдау қорытындысы бойынша бекітілген хаттамалық тапсырманы іске асыру шеңберінде Қорғалжын ауылындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға ағымдағы жылдың 21 қарашасындағы №999 ҚР Үкіметінің қаулысымен *165 млн теңге* қарастырылғанын мәлімдейміз.