ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  ҮНДЕУІ

Құрметті Қорғалжын ауданының кәсіпкерлері!

 

Өздеріңізге белгілі, 2025 жылы 18 шілдеде «Салық Кодексі» жаңадан қабылданды. Осыған орай    Қорғалжын аудандық мәслихат шешімімен  аудан бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салғы мөлшерлемесінің мөлшері 4% –дан 2% –ға төмендетіліп бекітілді. 

Салық режимін төмендету немесе көтеру жергілікті мәслихаттардың құзіретінде екенін естеріңізге саламыз.    

Салық – еліміздің да­муы­ның маңызды бөлігі. Са­лық түсімдерінің есебінен аудан ауылдарындағы  жолдар, ауыз су, көше жарықтары және басқа да әлеуметтік мәселелер іске асырылатыны белгілі.

 Ел болашағын ескере отырып, баршаңызды төлемді QR қосымшасы арқылы қабылдап, кірістеріңізді ашық, әділ көрсетуге шақырамыз!