Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының 38-ші кезектен тыс сессиясы болды. Сессияда төмендегі сұрақтар қаралды:
- Қорғалжын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 5 /28 «2025-2027 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2026 жылға арналған Қорғалжын ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
- «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардапшеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін» арнайы комиссия құрамын бекіту туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының «Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» 26.12.2023 № 1/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессияны мәслихат төоағасы Рыспаев Берік Оралбайұлы жүргізді.