Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатында  аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі  сессияға ұсынған «Қорғалжын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы талқыланды.

 Талқылауға  аудан әкімінің орынбасары А. Абышев, Қорғалжын ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Т. Жумагулов, жобаны дайындаған аудандық  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж. Мурзагельдиев, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Қорғалжын аудандық филиалының директоры Ж. Зураев, Қорғалжын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М. Алибекова және аудандық мәслихат депутаты А. Зулханов қатысты.  Талқылауды аудандық мәслихаттың төрағасы Рыспаев Берік Оралбайұлы жүргізді.