Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс 37 сессиясы өтті.

Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс 37 сессиясы өтті.

         Бүгін Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс 37 сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Рыспаев Берік Оралбайұлы жүргізді. Аудандық мәслихаттың 10 депутатының 9- ы сессия жұмысына қатысты. Сессияда төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Қорғалжын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
  2. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/27 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 6 /28  «2025-2027 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының Амангелді  ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 7/28  «2025-2027 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының Қорғалжын  ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қорғалжын ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және

жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын  және

мөлшерін бекіту туралы.

  1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» 26.12.2023  № 1/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.