Сіздерді төл мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз мамандығы – қоғамдағы ең құрметтіде қадірлі мамандық. Өйткені адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегіне білімге деген құштарлықты, Отанына деген сүйіспеншілікті оятады. Тәуелсіз еліміздің алғашқы күнінен бастап білім беруді дамыту, адами капиталды жетілдіру мемлекттік саясатымыздың мызғымас басымдығы болып келеді.
Аудан ұстаздарының жоғары ғылыми-әдістемелік әлеуеті, өздерінің кәсіби парызына адалдығы, білім беруге қойылған міндеттерін орындау ғана емес, сонымен бірге республикамыздың рухани-адамгершілік, мәдени, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық құндылықтарын дамыту жөніндегі өзінің басты міндетін орындауға ықпал жасап келеді.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
Елдің ертеңін тәрбиелеп отырған игі істеріңіз табысты, жемісті болсын! Сіздерге бүгінгі төл мерекелеріңізде денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыс тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісі мол, шәкірттеріңіздің жетістіктері көп болсын!
Ізгі тілекпен,
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Рыспаев