Мәслихат ақпараты

Мәслихат ақпараты

Қорғалжын ауданындағы «Мемлекеттік табиғи қорық ғимаратында «Қорғалжын өңірінің тарихи-мәденимұраларын зерттеу және сақтау мәселелері» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Оған аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев және жергілікті депутаттар қатысты. 

Конференция аяқталған соң Шалқар көлінің жағасынан 2020 жылы табылған Жәнібек-Шалқар кесенесінен ғылыми зерттеу жұмыстары үшін қазылып алынған сүйектерді  қорымдарына қайта көму рәсімі жүргізілді.