Бүгін Қорғалжын аудандық Мәдениет Үйінің үлкен залында «Астана-Ұлытау жобасын іске асыруды қарау және «Орталық – Батыс» Жобасының бағытын айқындау туралы» жиын өтті. Жиынды тиісті министрліктер өкілдерінен жасақталған жұмыс тобы өткізді. Оған аудан тұрғындарымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Көтерілген мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер айтылып, сұрақтар қойылды.