Құрметті жерлестер!
Сіздерді халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылған. Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Конституциясы – халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі» деп айтқан болатын. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оны ұлықтау біздің басты парызымыз!
Құрметті қорғалжындықтар!
Еліміздегі жарқын істердің қайнар бастауына айналған Конституция күнінде егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы және тұтастығымыз тұрақты болсын деп тілегім келеді. Тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, Сіздерге мықты денсаулық, әр отбасына береке-бірлік, табыс тілеймін! Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын!
Ашық аспанымызда көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев