Қазақстан Республикасы су ресурстары мен ирригация министрі Н. Нуржигитовтың қатысуымен «AMANAT» партиясында өткен қабылдауға Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев ZOOM арқылы қатысты. Онда мәслихат төрағасы РММ «Қазсушар» Ақмола филиалы Сабынды өндірістік кешені топтық су құбыры мекемесіндегі: штат санын арттыру, жұмысшылардың жалақысын көтеру, арнайы техникалармен жабдықтауды кеңейту, төселіп жатқан құбырлардың сапасы және салынуына техникалық бақылауды күшейту сияқты өзекті мәселелерді көтерді.