Көкшетау қаласының «Көкшетау» мәдениет сарайында 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Қорғалжын аудандық мәслихаты аппаратының атынан аппарат басшысы Қарашаш Сайранқызы Тусупова мен бөлім басшысы Айнаш Қапанқызы Дюсекеева қатысты.
Мерекеге орай Ақмола облысының әкімі М. Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерге марапаттар табыстады.
Осы мерекелік күнге сәйкес Қорғалжын ауданы Мәдениет Үйінің көремендер залында салтанатты іс шара өтті. Іс шараға аудандық мәслихат төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев және аппарат қызметкерлері қатысты. Әріптесіміз Гүлзат Аманжолқызы Картенбай аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.