Мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті

Мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік қоғамдық дамуы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырысты комиссия төрағасы Джамангозов Б.Т. жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе «Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен ауданда іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары және жоспары туралы».

Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қабылтай Таңат Үсеналыұлы баяндама жасап, бөлімнің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен баяндады.

Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Талқылау нәтижесінде қаулы жобасы қабылданды.