Ардагерлер кеңесінің отырысында

Ардагерлер кеңесінің отырысында

Бүгін Қордай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. 2024 жылғы жұмыс қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Отырыста Әдімбет Біржан Әбдікерімұлы өз есебін жариялап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы және облыстық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары, облыстық журналистер одағының төрағасы, «Ғұмыр Дария» газетінің бас редакторы Миллионов Жанабай да қатысып, құнды пікірлерін білдірді.

Аудандық мәслихаттан отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Есенгелдиевич Садықов қатысып, ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың қоғамдағы орнын нығайту мәселелері бойынша сөз сөйледі  – «Ардагерлер – біздің болмысымыз бен байлығымыз. Олардың белсенділігі мен бастамаларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Барша қатысушыларға жемісті пікір алмасу үшін алғыс айтамын!»

         «Заң және тәртіп» жобасы мен «Ғұмыр Дария» газетіне жазылу сияқты маңызды бастамалар қолдау тапты.

 

 

#Қордай #Ардагерлер #Мәслихат #Заңжәнетәртіп #ҒұмырДария