Жеңіс алауы эстафетасы

Жеңіс алауы эстафетасы

Бүгін Қордай ауданы үшін ерекше тарихи күннің куәсі болдық. Мәскеу қаласынан бастау алған Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіс алауы эстафетасы" Алтай мен Жетісу жерін басып өтіп, қасиетті Қордай топырағына жетті.

Эстафетаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларымызды мәңгі есте сақтау, олардың ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіру. Бұл – ерлікке тағзым, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нурдин Есенгелдиевич Садыков эстафетаны ұйымдастыруға қатысқан барлық ардагерлерге, шекарашыларға, азаматтарға және қазіргі ұрпаққа алғысын білдірді.

Бірлігіміз бекем, рухымыз асқақ болсын!