
Өздеріңізге белгілі, 2025 жылдың 14-21 сәуірі аралығында Ташкент қаласында өткен самбодан Азия және Океания чемпионатында біздің спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті. Боралкинова Шариз Аслановна және Бахытбай Иниятович Жаксылыковтың жетістіктері біздің ауданның спорт абыройын тағы бір мәрте арттырды.
Шариз, өз еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында 59 кг салмақта кадеттер арасында күміс жүлдеге ие болды. Ол Гвардейский қалашығындағы №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, ал жаттықтырушысы — Байрам Даулетбайұлы Бегжанов.
Бахытбай Иниятович Жаксылыков, Отар ауылының №1 БЖДШК директоры, спорт шеберлері арасында 98 кг салмақ дәрежесінде 2-ші орынға ие болды.
Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нурдин Садыков жеңімпаздарды құттықтады.
Осы жеңістер барлық спортшыларымыз үшін үлкен мақтаныш, және олардың болашақта да жоғары нәтижелерге жететініне сенімдіміз. Жаңа жеңістер мен биік шыңдарға жету жолында оларға сәттілік тілеймін!