Чемпионаттың ашылуында

Чемпионаттың ашылуында

Бүгін Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Есенгелдиевич Садықов Қордай ауданында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында футболдан республикалық чемпионаттың ашылу салтанатына қатысты.  Бұл – жастарды біріктіретін, салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды спорттық шара.
        Салтанатты шара барысында Қордай аудандық мәслихатының алғыс хатымен ауыл футболының дамуына елеулі үлес қосқан Сарыбаев Бахыт Аскаровичті, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы чемпионатты жыл сайын ұйымдастыруға белсене қатысып жүрген Мадраимов Абдурашид Абдувалиевичті марапаттадым.
       Мәслихат төрағасы чемпионат қатысушыларына сәттілік, шынайы бәсекелестік рух және жарқын жеңістер тіледі. Қордай жері оларды шабыттандырсын.