Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Бүгін "AMANAT" партиясының мәжіліс залында Н.Молдабековтың төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша «Ауданның әлеуметтік және сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша  атқарылған жұмыстары туралы» Қоғамдық кеңестің аграрлық саясат, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі – Е.Абилдаев баяндап, Жамбыл облысы ТЖД  Қордай  ауданының  төтенше  жағдайлар бөлімі басшысы – Қ.Иманқұлов  сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар,  Қордай ауданы Қаракемер ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысының батыр жауынгері Әбіл Нүсіпбаевты Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағын беру мәселесі қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша аудандық Қоғамдық кеңес ұсыныстар беріп,  нақты шешімдер қабылдады.