ШАХМАТТАН «SENAT OPEN» II АШЫҚ КУБОГЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

ШАХМАТТАН «SENAT OPEN» II АШЫҚ КУБОГЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ	КЕЗЕҢІ

         «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қолдауымен «SENAT OPEN» II ашық кубогының Жамбыл облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жарыс FIDE ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды шахматты саяси және қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында насихаттау үшін өткізілді. 

Қордай ауданынан аудандық мәслихат аппаратының депутаттары мен мемлекеттік қызметшілері, Қоғамдық кеңес пен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық газет өкілі қатысты. Облыстың барлық депутаттары арасында үшінші орынды Қордай аудандық мәслихатының депутаты Ержігіт Смағұлов, әйелдер арасында бірінші орынды Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің өкілі Сатова Роза, екінші орынды Қордай аудандық мәслихатының депутаты Туншанло Амине, үшінші орынды депутат Идыбо Айша иеленді.